Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жітіқара ауданы білім бөлімінің №12 жалпы білім беретін мектебі» КММ Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жітіқара ауданы білім бөлімінің №12 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі педагогтерінің бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды:
математика мұғалімі - 1 мөлшерлеме;
орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі – 1 мөлшерлеме;
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі – 1 мөлшерлеме;
физика пәні мұғалімі – 1 мөлшерлеме;
география мұғалімі – 1 мөлшерлеме;
ағылшын тілі мұғалімі – 1 мөлшерлеме;
дефектолог мұғалімі -1 мөлшерлеме;
педагог-ассистент-1 штат бірлігі
Мекен жайы: 110700, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Жітіқара қаласы, 6 шағын аудан, 32 құрылыс, телефон нөмірі 8-714-35-2-38-47.
Негізгі қызметі: мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады.
Конкурс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 19 қарашадағы №568 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 22 қарашадағы №432 бірлескен бұйрығымен бекітілген мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалары негізінде өткізіледі.
Лауазым кандидатына қойылатын біліктілік талаптары: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе техникалық және кәсіптік, тиісті бейіні бойынша орта білімнен кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
Білім беру ұйымы педагогінің лауазымдық міндеттері:
Білім беру ұйымының жарғысына және білім беру саласындағы басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес педагогикалық қызметті жүзеге асырады. Оқушылар мен тәрбиеленушілердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес тұлғалық, жүйелік-қызметтік, пәндік нәтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз етеді. Оқушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын қолданады. Интерактивті оқу материалдары мен цифрлық білім беру ресурстарын пайдалана отырып, қашықтықтан оқыту режимінде сабақтар ұйымдастырады. Білім беру процесі кезеңінде оқушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді. Ата-аналармен немесе оларды алмастыратын адамдармен ынтымақтастықты жүзеге асырады. Оқушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді. Кәсіби құзыреттілікті арттырады.
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жітіқара ауданы білім бөлімінің №12 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі педагогінің лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 124945 теңгеден дейін.
Конкурсты өткізу күні мен орны: 2022 жылғы тамыз-қыркүйек айлары, Қостанай облысы, Жітіқара қаласы, 6 шағын аудан, 32 құрылыс, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жітіқара ауданы білім бөлімінің № 12 жалпы білім беретін мектебі» КММ.
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді беру мерзімі және қабылдау орны: конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар электронды немесе қағаз түрінде конкурс өткізу туралы хабарландыру БАҚ-да орналастырылған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жітіқара ауданы білім бөлімінің №12 жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің ресми сайтында ұсынылуы тиіс new.school-12.edu.kz мекен жайы бойынша: Қостанай облысы, Жітіқара қаласы, 6 шағын аудан, 32 құрылыс Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жітіқара ауданы білім бөлімінің №12 жалпы білім беретін мектебі» КММ.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:
1) мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату Қағидаларының 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басты куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы және байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда);
10) мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларының 11-қосымшасына сәйкес нысан бойынша педагогтің бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы;
Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
Байланыс телефондары, электрондық пошта: 8-714-35-2-38-47, 8-714-35-2-61-11, Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.