ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Жітіқара ауданы білім бөлімінің № 12 жалпы білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа № 12 отдела образования Житикаринского района" Управления образования акимата Костанайской области
Костанайская область, Житикаринский район, г.Житикара, 6 мкр., строение №32
8(714-35)23-8-47
school-12@zhitikara.edu.kz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Жітіқара ауданы білім бөлімінің № 12 жалпы білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа № 12 отдела образования Житикаринского района" Управления образования акимата Костанайской области

МЕНЮ
5
Қазан
2022

«Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығы негізінде, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жітіқара ауданы білім бөлімінің №12 жалпы білім беретін мектебі» КММ-сі Қамқоршылық кеңесті қалыптастыру және оның құрамы бойынша ұсыныстар қабылдау туралы хабарлайды.

Мекенжайы: 110700, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Жітіқара қаласы, 6 шағын аудан, 32 құрылыс, телефон нөмірі 8-714-35-2-38-47.

Негізгі қызметі: 14-тармақ. Білім беру ұйымының Қамқоршылық кеңесі:

     1) білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілердің құқықтарының сақталуына, сонымен қатар білім беру мекемелерінің шотына түсетін қайырымдылық көмектің жұмсалуына қоғамдық бақылауды жүзеге асырады;

    2) білім беру ұйымының жарғысына өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар әзірлейді;

     3) білім беру ұйымын дамытудың басым бағыттары бойынша ұсынымдарды әзірлейді;

    4) қазақстандық азаматтардың отбасына жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру мәселелері жөнінде шалаларды жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлейді;

    5) қайырымдылық көмек түрінде білім беру ұйымдарына түскен қаржыны бөлуге қатысады және оның мақсатты жұмсалуы туралы шешім қабылдайды;

   6) білім беру ұйымының бюджетін қалыптастыру барысында ұсыныстарды әзірлейді;

    7) тиісті саланың уәкілетті органына немесе білім саласындағы жергілікті атқарушы органына Қамқоршылық кеңестің білім беру ұйымының жұмысында анықтаған кемшіліктерді жою туралы ұсыныстар енгізеді;

     8) орта білім беру ұйымдары басшысының лауазымына үміткерлермен әңгімелесу қорытындысы бойынша хаттамалық шешім шығарады және келіседі;

     9)  білім беру ұйымы басшысының білім беру ұйымының қызметі туралы, оның ішінде білім беру қызметін ұсыну сапасы, қайырымдылық көмектің жұмсалуы және қазақстандық азаматтардың отбасыларына жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру мәселесі жөнінде шараларды қабылдау туралы есебін тыңдайды;

    10) білім беру ұйымы қызметінің мәселелері бойынша конференцияларға, кеңестерге, семинарларға қатысады;

    11) білім беру ұйымының қызметімен, білім беру ұйымындағы білім алушыларға және тәрбиеленушілерге жасалған жағдайлармен танысады, білім беру ұйымының психологын қатыстыра отырып, олармен әңгімелеседі.

     Қамқоршылық кеңестің құрамын қалыптастыру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығымен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 43 бұйрығына енгізілген өзгерістермен бекітілген қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары және оны білім беру ұйымдарында сайлау тәртібі негізінде жүргізіледі,. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 23 ақпанда № 16420 болып тіркелді.

 

15
Тамыз
2022

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жітіқара ауданы білім бөлімінің №12 жалпы білім беретін мектебі» КММ Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жітіқара ауданы білім бөлімінің №12 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі педагогтерінің бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды:

математика мұғалімі - 1 мөлшерлеме;

орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі – 1 мөлшерлеме;

қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі – 1 мөлшерлеме;

физика пәні мұғалімі – 1 мөлшерлеме;

география мұғалімі – 1 мөлшерлеме;

ағылшын тілі мұғалімі – 1 мөлшерлеме;

дефектолог мұғалімі -1 мөлшерлеме;

педагог-ассистент-1 штат бірлігі

Мекен жайы: 110700, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Жітіқара қаласы, 6 шағын аудан, 32 құрылыс, телефон нөмірі 8-714-35-2-38-47.

Негізгі қызметі: мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады. 

            Конкурс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 19 қарашадағы №568 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 22 қарашадағы №432 бірлескен бұйрығымен бекітілген мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалары негізінде өткізіледі.

            Лауазым кандидатына қойылатын біліктілік талаптары: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе техникалық және кәсіптік, тиісті бейіні бойынша орта білімнен кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

8
Қыркүйек
2022

2022 жылы 7 қыркүйекте қазақтың біртуар тұлғасы А.Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған жалпықазақстандық ашық диктанты өткізілді. Диктантқа 20 мектеп мұғалімдері, 44 мектеп оқушылары қатысты. Диктанттың тақырыбы – «Ахмет Байтұрсынұлы – дәуірдің дара тұлғасы».

Мақсаты:  этносаралық қатынас тілі ретінде мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту арқылы қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту.

  08 09 2022 1

9
Тамыз
2022

 

Курстарды жұмыс тәжірибесі бар педагогтар жүргізеді:

Кириленко г. Н. - педагог-зерттеуші, жұмыс өтілі 30 жыл

Кадерова л. д. - педагог-зерттеуші, жұмыс өтілі 37 жыл

1
Қыркүйек
2022

Жолдауда айтылған бастамалар ел дамуының жаңа кезеңін белгіледі.

 

Қазақстан халқына Жолдауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев  елдің одан әрі даму стратегиясын айқындады.

Жолдауда көптеген маңызды өзгерістер қозғалды. Бірақ өзгерістердің негізгі мақсаты-бүкіл мемлекеттің жұмыс істеу тиімділігін арттыру. Қасым-Жомарт Кемелұлы басқару жүйесінің тиімділігін, жаңа жағдайдағы экономиканы арттыруға, өнеркәсіптік әлеуетті ашуға, ауыл шаруашылығын, көлік-логистикалық кешенді, шағын және орта бизнесті, қаржы саласын дамытуға, елдің аумақтық дамуын жаңғыртуға және қазақстандықтардың әлеуметтік әл-ауқатын арттыруға бағытталған бірқатар бастамалармен таныстырды.

 

Мектептің педагогикалық ұжымы қол жетімді және сапалы біліммен қамтамасыз етудің маңыздылығы туралы сөз қозғады. Еліміздің әрбір тұрғыны мемлекеттің дамуына, отбасылық құндылықтарды нығайтуға және балалардың құқықтарын қорғауға өз үлесін қосуға міндетті деп санаймыз.

 

Заңның үстемдігі және азаматтардың қауіпсіздігіне кепілдік беру негізінде әлеуметтік-экономикалық дамуға үлкен көңіл бөлінеді. Мемлекет табысты жұмыс, бейбіт өмір үшін барлық жағдайды жасайды, ал біз бәсекеге қабілетті орта құру үшін барлық күш-жігерімізді жұмсауға және әрдайым уақытпен бірге жүруге тиіспіз.

 

Біз бірге Әділетті Қазақстан құрамыз!

Қасиетті Отанымыздың жарқын болашағы біздің қолымызда!

 

8
Тамыз
2022

1-параграф. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін лауазымға тағайындауға конкурс өткізу тәртібі

  1. Республикалық мемлекеттік орта білім беру ұйымдары педагогінің бос және (немесе) уақытша бос лауазымына тағайындау конкурсын тиісінше республикалық мемлекеттік орта білім беру ұйымдары ұйымдастырады.
  2. Мемлекеттік білім беру ұйымдары педагогінің бос және (немесе) уақытша бос лауазымына тағайындау конкурсын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының қарамағындағы мемлекеттік білім беру ұйымы ұйымдастырады.
  3. Шағын жинақталған мектептерді қоспағанда, барлық бос және (немесе) уақытша бос лауазымға мемлекеттік білім беру ұйымы конкурс өткізеді.
  4. Конкурсқа Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес келетін және осы Қағидалардың 107-тармағындакөрсетілген тізім бойынша құжаттарды ұсынған педагогтер қатысады.
  5. Конкурс аптасына 16 сағат және одан да көп сағат оқу жүктемесі бар педагогтің бос және (немесе) уақытша бос лауазымына өткізіледі.
  6. Бос лауазымдар болған жағдайда әрбір педагогке сағат саны педагогтің бір жарым ставкасынан аспауы тиіс.
  7. Конкурсты ұйымдастыру тәртібі мынадай кезеңдерді қамтиды:
24
Тамыз
2022

Облыстық оқу-әдістемелік кеңес отырысының 18.08.2022 жылғы №7 шешімімен химия және биология пәндерінің мұғалімі Якимчук Елена Анатольевнаның 6-сынып (вариативті бөлім)  "Экология" ОӘК  мақұлданды.

© 2024. Все права защищены.