Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Жітіқара ауданы білім бөлімінің № 12 жалпы білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа № 12 отдела образования Житикаринского района" Управления образования акимата Костанайской области |
|
---|
5
Қазан
2022
|
«Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығы негізінде, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жітіқара ауданы білім бөлімінің №12 жалпы білім беретін мектебі» КММ-сі Қамқоршылық кеңесті қалыптастыру және оның құрамы бойынша ұсыныстар қабылдау туралы хабарлайды.
Мекенжайы: 110700, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Жітіқара қаласы, 6 шағын аудан, 32 құрылыс, телефон нөмірі 8-714-35-2-38-47.
Негізгі қызметі: 14-тармақ. Білім беру ұйымының Қамқоршылық кеңесі:
1) білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілердің құқықтарының сақталуына, сонымен қатар білім беру мекемелерінің шотына түсетін қайырымдылық көмектің жұмсалуына қоғамдық бақылауды жүзеге асырады;
2) білім беру ұйымының жарғысына өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар әзірлейді;
3) білім беру ұйымын дамытудың басым бағыттары бойынша ұсынымдарды әзірлейді;
4) қазақстандық азаматтардың отбасына жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру мәселелері жөнінде шалаларды жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлейді;
5) қайырымдылық көмек түрінде білім беру ұйымдарына түскен қаржыны бөлуге қатысады және оның мақсатты жұмсалуы туралы шешім қабылдайды;
6) білім беру ұйымының бюджетін қалыптастыру барысында ұсыныстарды әзірлейді;
7) тиісті саланың уәкілетті органына немесе білім саласындағы жергілікті атқарушы органына Қамқоршылық кеңестің білім беру ұйымының жұмысында анықтаған кемшіліктерді жою туралы ұсыныстар енгізеді;
8) орта білім беру ұйымдары басшысының лауазымына үміткерлермен әңгімелесу қорытындысы бойынша хаттамалық шешім шығарады және келіседі;
9) білім беру ұйымы басшысының білім беру ұйымының қызметі туралы, оның ішінде білім беру қызметін ұсыну сапасы, қайырымдылық көмектің жұмсалуы және қазақстандық азаматтардың отбасыларына жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру мәселесі жөнінде шараларды қабылдау туралы есебін тыңдайды;
10) білім беру ұйымы қызметінің мәселелері бойынша конференцияларға, кеңестерге, семинарларға қатысады;
11) білім беру ұйымының қызметімен, білім беру ұйымындағы білім алушыларға және тәрбиеленушілерге жасалған жағдайлармен танысады, білім беру ұйымының психологын қатыстыра отырып, олармен әңгімелеседі.
Қамқоршылық кеңестің құрамын қалыптастыру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығымен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 43 бұйрығына енгізілген өзгерістермен бекітілген қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары және оны білім беру ұйымдарында сайлау тәртібі негізінде жүргізіледі,. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 23 ақпанда № 16420 болып тіркелді.
8
Қыркүйек
2022
|
2022 жылы 7 қыркүйекте қазақтың біртуар тұлғасы А.Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған жалпықазақстандық ашық диктанты өткізілді. Диктантқа 20 мектеп мұғалімдері, 44 мектеп оқушылары қатысты. Диктанттың тақырыбы – «Ахмет Байтұрсынұлы – дәуірдің дара тұлғасы».
Мақсаты: этносаралық қатынас тілі ретінде мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту арқылы қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту.