Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Жітіқара ауданы білім бөлімінің № 12 жалпы білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа № 12 отдела образования Житикаринского района" Управления образования акимата Костанайской области |
|
---|
1
Қыркүйек
2022
|
Жолдауда айтылған бастамалар ел дамуының жаңа кезеңін белгіледі.
Қазақстан халқына Жолдауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдің одан әрі даму стратегиясын айқындады.
Жолдауда көптеген маңызды өзгерістер қозғалды. Бірақ өзгерістердің негізгі мақсаты-бүкіл мемлекеттің жұмыс істеу тиімділігін арттыру. Қасым-Жомарт Кемелұлы басқару жүйесінің тиімділігін, жаңа жағдайдағы экономиканы арттыруға, өнеркәсіптік әлеуетті ашуға, ауыл шаруашылығын, көлік-логистикалық кешенді, шағын және орта бизнесті, қаржы саласын дамытуға, елдің аумақтық дамуын жаңғыртуға және қазақстандықтардың әлеуметтік әл-ауқатын арттыруға бағытталған бірқатар бастамалармен таныстырды.
Мектептің педагогикалық ұжымы қол жетімді және сапалы біліммен қамтамасыз етудің маңыздылығы туралы сөз қозғады. Еліміздің әрбір тұрғыны мемлекеттің дамуына, отбасылық құндылықтарды нығайтуға және балалардың құқықтарын қорғауға өз үлесін қосуға міндетті деп санаймыз.
Заңның үстемдігі және азаматтардың қауіпсіздігіне кепілдік беру негізінде әлеуметтік-экономикалық дамуға үлкен көңіл бөлінеді. Мемлекет табысты жұмыс, бейбіт өмір үшін барлық жағдайды жасайды, ал біз бәсекеге қабілетті орта құру үшін барлық күш-жігерімізді жұмсауға және әрдайым уақытпен бірге жүруге тиіспіз.
Біз бірге Әділетті Қазақстан құрамыз!
Қасиетті Отанымыздың жарқын болашағы біздің қолымызда!
24
Тамыз
2022
|
Облыстық оқу-әдістемелік кеңес отырысының 18.08.2022 жылғы №7 шешімімен химия және биология пәндерінің мұғалімі Якимчук Елена Анатольевнаның 6-сынып (вариативті бөлім) "Экология" ОӘК мақұлданды.